Алғыс айту – парызым
2021 жылдың 26 ақпан күні 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым!» атты тәрбие сағаты онлайн форматта өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, алғыс айту туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Кулмишева алғыс айту туралы түсінік беріп, оқушылар видео арқылы ата-аналарына, ұстаздарына, туыстарына, достарына өз алғыстарын білдірді.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.