Алғыс айту парызым

Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

2024 жылдың 29 ақпан күні Алғыс айту күніне орай « Алғыс айту парызым» тақырыбында №1 мектептің 7-сынып оқушыларының қатысуымен тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар «Алғыс айту күні» жайлы барлық айтылған мағлұматтарды зейін салып тыңдап, қойылған сұрақтарға жақсы әрі белсенді жауап берді.

 

15  17