Ана-аса қымбатты жан

2023 жылдың 6 наурыз күні көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай кітапхананың балалар бөлімінде «Ана-аса қымбатты жан» мерекелік кеш өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Мерекелік кешке көп балалы ана Жуматаева Айжан және №1 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында кітапханашы әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесімен құттықтап, оқушылар көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады. Кеш барысында осы мерекенің тарихынан бастау алып, бүгінгі күнгі әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі мен алатын орны жайлы әдебиеттерден «Ана-аса қымбатты жан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.