Ана-біздің күніміз

Аналардың қоғамдағы рөлін тану, отбасы құндылықтарын дәріптеу және аналарға деген алғыс пен құрметті арттыру мақсатында 2025 жылдың 12 мамыр күні балалар кітапханасында Аналар күніне орай «Ана-біздің күніміз» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.
Іс-шара барысында балалар Аналар күнінің шығу тарихымен танысты. Ана туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер және аналарына шынай сезімдерін білдіріп хат жазды, сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып шықты.