Ана деп ән салам...
2019 жылдың 6 наурызы күні "Приозерск қалалық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйған 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай«Ана деп ән салам..,» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Осы аталмыш мерекеге орай алтын құрсақты анамыз, күміс алқа иегері Сагындыкова Жанна Амантайқызы шақырылған болатын. Кеш "Жас толқын" ақындар клубының мүшелерімен өтті. Іс-шара барысында анамыз өзінің өмірден көрген -білгенімен бөлісті. Ананың балаға деген махаббатын өлең жолдары арқылы жеткізіп, қазақ анасына тән қадыр -қасиетті өз анасының бойынан сіңіргенін, бойындағы барлық ізгі қасиеттер тек анасы арқылы берілгенін айтты. Өзі анасына тартқан ісмер, шебер адам екен. Атадан балаға мирас болып келе жатқан құрақ құрау өнерін де әлі күнге дейін дәріптеп жүргенін жалғыз қызына беріп жатқан тәлімінен байқауға болады.
Кешке қатысқан өнерпаз оқырмандарымыз өз өнерлерін аямай әннен шашу шашып, жырдан алқа тақты.Мерекелік кеш келген әрбір адамның жүрегіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін арттырып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық.
Кеш соңында осы мерекенің тарихынан бастау алып,бүгінгі күнгі әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі мен алатын орны жайлы әдебиеттерден, ақпарат көздерінен алынған аналарға арналған жыр жолдары мен ақ тілектерден тұратын «Ана деп ән салам, Ана деп жыр жазам" атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.