Ана-өмірдің гүлі
2021 жылдың 3 наурыз күні балалар бөлімінде «Ана-өмірдің гүлі» тақырыбында шығармашылық жұмыс өтті. Мақсаты: Ана - өмірдің гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Балалар бөлімінің кітапханашылары Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету мақсатында баяндама оқыды. Оқушылар өз аналары мен әжелерін көктем мерекесімен құттықтап, тамаша тілектерін жеткізді. Іс-шара барысында «Ана-өмірдің гүлі» атты мерзімді басылымдардан көрме ұйымдастырылды.