Ана өмірдің шуағы
2020 жылдың 6 наурызында балалар кітапханасында сұлулық пен шуақты көктем мейрамы 8 наурыз- Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ана өмірдің шуағы» атты шығармашылық жұмыс өтті.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу;
Әлемде әйелді ұлықтамайтын халық жоқ. Бұл мереке 1857 жылдың 8-наурызынан бастап тойланып келеді. Нәзіктік пен әсемдік атаулыны бойына жинаған қыз-келіншектеріміз бен аяулы ана, ақ жаулықты әжелеріміздің құшақтарын гүлге, көңілдерін қуаныш нұрына бөлейтін ғажайып мереке осы.
Іс –шара барысында кітапханашылар оқушыларды мерекенің пайда болу тарихымен таныстырды. Оқушылар арнайы әзірленген парақтарды алып, өздерінің аналарына деген жүрекжарды тілектерін жазды. Ақын-жазушылардың анаға, аруларға арнап жазылған шығармаларынан түзілген «Ана деп ән саламын, ана деп жыр жазамын» атты кітап көрмесімен танысты.