Ғарыш жұлдыздары

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2019 жылдың 12 сәуірінде ғарышкерлер күніне  арналған «Ғарыш жұлдыздары» атты танымдық сағат өтті. 

Танымдық сағаттың мақсаты: әйгілі ұшқыштар жайлы естеліктерден сыр шерту, космос жайлы білімдерін тереңдету, қазіргі заманғы болып жатқан ғылыми өзгерістермен таныстыру.

Іс –шараға 2 сынып оқушылары қатысты. Бұл күн «Балалар кітабы апталығының» соңғы күнімен тұспа-тұс келген болатын. Іс-шара барысында оқырмандарға   космос жайлы түрлі бейнероликтер көрсетілді.   Сонымен қатар тақырыптық көрмемен таныстырдық және атап айтатын бір жайт былтырғы жылдан бері көптеген ғарыш жайлы кітаптар жаңадан келіп түскен болатын соларды оқырман назарына ұсындық.  Оқырмандар космос жайлы әртүрлі сұрақтар қойып, қатты қызығушылықтарын танытты. Ал, біз олардың барлық сұрақтарын қанағаттандырдық деген ойдамын.

1 2 3 4 5 6