Ғасыр індетінен сақтанайық

2018 жылдың 28 қарашасында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған "Ғасыр індетінен сақтанайық" атты  әңгіме шолу өтті.

Іс-шараға 7-9 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу ,  шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, ЖИТС-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру.

Арнайы тақырыптық көрме құрылып, тұрақты оқырмандардың көмегімен газет жасалды. Әңгіме шолу барысында оқырмандар  түрлі сұрақтар қойып, ЖИТС- пен күрес туралы өз ойларын айтты. Әсіресе, ғасыр дертінің біздің өмірімізге  қандай зиян келтіретіні жайлы сұрақтар қойылғанда оқырмандар өте белсенді жауап беріп отырды.

Бұдан шығатын қорытынды, біздің жасөспірімдер осындай зиянды заттың зардабын біле тұра жаман жолға түспейді. 

20181124_161148

IMG_2812 IMG_2819