«Ауған ақиқаты»
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай, 2022 жылдың 11 ақпан күні кітапхананың балалар бөлімі мектеп оқушыларының қатысуымен «Ауған ақиқаты» атты тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу.