Ауыл баласының асыл арманы
2026 жылдың 15 сәуір күні «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында балалар кітапханасы С.Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» шығармасы бойынша «Ауыл баласының асыл арманы» атты талқылау сағаты №2 мектеп оқушыларының қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның мақсаты: Жас оқырмандарды кітап оқуға баулу, ауылдан шыққан қарапайым баланың үлкен жетістікке жету жолын үлгі ете отырып, оқушылардың арман-мақсатын айқындауға, еңбекқорлық пен табандылыққа тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар кітап мазмұнымен танысып, кейіпкерлердің өмір жолы мен жетістікке жету құпияларын талқылады. Кітап желісі бойынша дайындалған бейнеролик көрсетіліп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға автордың басқа да еңбектері ұсынылды. Іс-шараны жандандыру мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) арқылы дайындалған танымдық ойындар ойнатылып, оқушылар белсенділік танытты. Талқылау сағаты оқушыларға үлкен әсер қалдырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, болашаққа деген сенімдерін нығайтты. Мұндай шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, білімге деген құштарлығын арттыруға зор ықпал етеді.