Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 7-сәуір дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» атты денсаулық сағаты ұйымдастырылған болатын. Іс-шараға 5 сынып оқушылары ұстаздарымен бірге арнайы шақырылған болатын.
Денсаулық сағатының мақсаты: оқырмандарға денсаулық гигиенасын қалыптастыруды насихаттау, денсаулық жайлы жаңадан келіп түскен кітаптармен таныстыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Іс-шара барысында оқырмандарды иллюстриативті-кітап көрмесімен таныстыра отырып, денсаулық жайлы әртүрлі бейнероликтер арқылы жаман әдеттерден арылуға шақыру.
Адамның денсаулығы — қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалардың қолында. Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі екенін ұмытпайық.