Қазақ ғарышкерінің ғажайып сапары

      2026 жылдың 9 қаңтар күні мектеп оқушыларының қатысуымен Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Қазақ ғарышкерінің ғажайып сапары» атты зияткерлік ойын сағаты өткізілді. Мақсаты: ғарышкер Талғат Мұсабаевтың өмірі мен ғарышқа жасаған сапарлары туралы оқырмандарға кең мағлұмат беру; Оқушылардың ғылымға, ғарыш саласына деген қызығушылығын арттыру. Іс-шарада кітапханашы ғарышкердің Байқоңырдан ғарышқа ұшуы, ғылыми еңбектері мен жетістіктері туралы мәлімет берді. Ойын сағаты барысында оқушылар логикалық ойлау, жылдам жауап беру қабілеттерін дамытып, ғарыш әлемі туралы жаңа мәлімет алып, зияткерлік ойын арқылы білімдерін толықтырды. Талғат Мұсабаев – қазақ халқының мақтанышы, оның ғарыштағы ерлігі жастарға үлкен үлгі. Бұл зияткерлік ойын оқушылардың білімін арттырып, таным көкжиегін кеңейтті.