Қазақ батыры- Мәншүк Маметова

2022 жылдың 20 қазан күні «Рухан жаңғыру» бағдарламасының, «Еңбек елдің мұраты» жобасы аясында Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ батыры-Мәншүк Мәметова» тақырыбында ерлік сағаты өткізілді.

         Мақсаты:  Мәншүк Мәметованың өмірі мен өнегелі істері жайлы мағлұмат алу; Жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық және патриоттық сезімді ояту; Отансүйгіштікке және заманымызға лайықты білімді де білікті, өнегелі де өнерлі етіп тәрбиелеу.

       Аталған іс-шараға №2 мектеп оқушылары қатысты. Кітапханашы Ж.Кулмишева оқушыларды елді жаудан қорғаған, елі үшін ерлік көрсеткен азаматтарды құрметтеуге,туған жерін сүюге,Отан үшін отқа түсетін елжанды,ел азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында мағлұмат беріп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

8 9 11