Қазақ ертегілерінің сиқырлы сандығы
Балалар бөлімінде 2019 жылдың 8-і мен 12 сәуірі аралығында өткен балалар кітабы апталығының соңғы күнінде «Қазақ ертегілерінің сиқырлы сандығына» саяхат жасадық. Іс-шараға №2 метептің 2 сынып оқушылары қатысты. Мақсатымыз келген оқырмандарға әртүрлі кітап көрмелері арқылы кітапқа деген қызығушылығын ояту, қазақ ертегіліерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Іс-шара барысында келген қатысушыларға түрлі викториналық ойындар ойнатып, жұмбақтар жасырып, кітапқа байланысты мақал-мәтелдер сұралды. Жауап беру барысында оқырмандарымыз бірі-бірінен асып түспесе кем болған жоқ. Тіпті оқыған ертегілерінен үзінділер айтып, өздерінің кітапқа немқұрайлы қарамайтындықтарын дәлелдей түсті десек болады. Жалпы кітапхананың мақсаты ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттап,оқырман сұранысын қанағаттандыру болса, біз өз мақсатымыздың орындалып жатқанына тағы да бір көз жеткіздік десем артық айтпаған болар едім.
Шынымен де кітапты ешқандай ақпарат құралы алмастыра алмайтыны сөзсіз. Ал ,қазақтың көркем тілі – қазақ тілі мен қазақтың көркем әдебиетінде. Сондықтан, қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп тауып, мақсатқа бірге қол жеткізуге тырысайық.