Азаттықтың азапты жолы
2018 жылдың 25 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 31 мамыр - Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азаттықтың азапты жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, олардың өмір жолдарымен тереңірек таныстыру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.
Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Осының бәрі бізге, өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмауды міндеттейді. Көрмеге кітапхананың қорындағы жаппай жазалаудың сол бір қиын-қыстау жылдарындағы зерттеулерде тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты», Н.Дулатбековтың «Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері», Т.Шонанұлының «Жер тағдыры- ел тағдыры», Х.Болғанбайдың «Иман күші», В.Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі» т.б. әдебиеттермен қатар газет-журнал беттеріне шыққан материалдар ұсынылған.