«Қазақтың дана Қадыры»

2020 жылдың 14 қаңтарында   ақын, жазушы Қадір Мырза Әлінің

85 жылдығына арналған республикалық  декада аясында   «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар кітапханасында «Қазақтың дана Қадыры» атты әдеби кеш өтті. Шараға №1 мектептің 8 сынып оқушылары  қатысты.

     Мақсаты: Қ. Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы танымдарын кеңейту. Қазақ әдебиетіне, ақынның шығармаларына деген қызығушылықтарын ояту. Дарындылықты, ақындықты қастерлеуге тәрбиелеу;

     Шара барысында кітапханашы оқушыларға жазушының өмірбаяны және шығармаларын таныстырды. Оқушылар Қадыр Мырза Әлидің өлең шумақтарын жатқа мәнерлеп оқып, жазушы  шығармашылығына байланысты сөзжұмбақты шешті. Сонымен қатар оқушыларға презентация көрсетіліп, «Елі сүйген Қадыр ақын»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

00d21985-84c6-4247-bc06-c1fe52360527 5bf717f1-9978-4eba-933a-62ca96d848f2 6e4950b2-8182-43c4-98f2-bdfef5f06047 17a0e704-5367-4ee3-b522-cb7e342b415a 477f4799-0075-4245-8fa3-2be7ef24cae1 83087f49-cd5c-49e5-9e8c-34f1bbda6ac9 9587215b-c061-4e36-86a7-7c436a482b75 aaa3cc61-6c1f-4796-b253-717adb43ac60 ae2628ae-65e1-4248-b254-e51261831e22 f66a3a7d-c8f6-4942-8563-f2f53783c332

.