Денсаулық алфавиті

2026 жылдың 8 шілде «Кітапханадағы жаз» бағдарламасы аясында «Денсаулық алфавиті» атты денсаулық сағаты өткізілді. Мақсаты: балалардың салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейту, денсаулықты сақтаудың маңызын түсіндіру, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, дене шынықтырумен айналысу және зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу;

Іс-шара барысында балалармен денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме жүргізілді. Қатысушылар «Денсаулық алфавиті» бойынша әріптерге сәйкес денсаулыққа қатысты сөздер мен пайдалы кеңестерді айтып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, тазалық, спортпен шұғылдану және дәрумендердің пайдасы туралы сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Балалар танымдық ойындарға қатысып, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді жалғастырып, өз білімдерін көрсетті. Іс-шара қызықты әрі танымдық атмосферада өтті.