Ғажайып оригами

Тамыз-мектеп демалысының соңғы айы. Жаңа кітаптар оқып, достарыңызбен сөйлесіп, көп нәрсені үйреніп үлгергің келеді. Біздің кітапханадағы үйірмеде балалар бисерден бұйымдар жасау, «Квиллинг», жұмсақ ойыншықтарды тігу, «Аппликация», ою-өрнектен қазақи бұйымдар жасау және т.б  өнер түрлерімен таныса алады.

     "Кітапханада жаз" акциясы аясында "Шебер қолдар" үйірмесінің кезекті сабағы  модульдік оригамиге арналды.  Балалар алдымен интернеттегі дайын бұйымдар жиынтығымен  танысып, сәндік-қолданбалы өнер бойынша журналдар мен кітаптарды көрді, содан кейін түрлі бұйымдарға арналған модульдерді дайындауды үйренді.

      Модульдік оригами - өте қызықты және де аз еңбекті қажет ететін өнер түрі, ол балалардың ұсақ  моторикасын және шығармашылық ой-өрісін дамытуға көмектеседі.

20190815_113927 20190815_113957 20190815_114004 20190815_114029 20190815_114036 20190815_114132 20190815_114140 20190815_114536 20190815_114543 20190815_114554