Бала бақыт, бала қуаныш

         «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала бақыт, бала қуаныш» атты ойын-квест өткізілді. Кітапхана алдында балаларға арналған ойындар, қызықты эстафеталар және «Бала бақыт, бала қуаныш» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Ойын-квест шарттарымен таныстырылған соң, балалар ойындарға өте белсенді қатысып, өздерінің қызықты әсерлерімен бөлісті.

44  45 (1)  47  48  49  50