Балалар кітабының апталығы
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2-6 сәуір аралығында халықаралық балалар кітабының апталығы болып өтті. Апталық бойы кітапханада өткізілген іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардан бастап 15 жастағы балаларды қамтыды. Кітап мерекесі күндері балалардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін артыру мақсатында кітапханашылар аянып қалмады.
2018 жылдың 2 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде апталықтың бірінші күні «Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге № 1,2 мектептің 1-9 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқырманды кітап оқуға шақыру, зияткерлік және шығармашылық жұмысқа тарту.
Кітап көрмесі арнайы іріктеліп, жүйеленіп оқырмандардың оқып танысуы үшін іс-шаралардың көрнекілік насихаттау жағынан ұйымдастырылды. Безендірудегі айқындылық, мазмұндылық және өзгешелік - ойын тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылды.Көрмені тамашалауда оқырмандар ертегілер еліне сапар шегіп, қазақ халық ауыз әдебиетінің асыл құндылықтарымен кеңінен танысты. Балалар шығармашылығына қалам тартқан ақын-жазушылардың да кітаптары үлкен сұранысқа ие болды.Кітап патшалығына саяхаттау барысында кітапханашылар балаларды кітап апталығымен құттықтады және балаларға кітапсүйгіштер жағалауына саяхатқа баруды ұсынды.