Балалар кітабының апталығы

2019 жылдың 8 сәуірінен бастап  «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар кітабының апталығы»  өтуде.  Апталықтың ашылу салтанатына №2 мектептің орыс және қазақ сыныптарынан құралған 5 сынып оқитын 48 оқушы қатысты.

Іс-шараның мақсаты: оқырман қауымды балалар жазушыларының шығармаларымен таныстыру, оның ішінде «Кітап мерейтойы» атты шығарма кейіпкерлерінің мерейтойларына арналған көрмені насихаттау.  2019 жылы келіп түскен жаңа кітаптарға шолу жасау.

Шара барысында кітапхана  туралы ән шырқалып, түрлі иллюстративті көрмелермен таныстырылды. К.Чуковскийдің әйгілі «Айболит» атты шығармасына  -90  жыл толыпты, осыған орай оқырмандар назарына аталмыш шығарманың желісіндегі мультфильм көрсетілді. Балалар кітап апталығының шығу тарихымен танысты, презентацияны көрді,сүйікті шығармаларының кейіпкерлері жайлы айтты.

Құрметті оқырман, кітап апталығы жоспарға сай түрлі іс-шараларды   апта соңына дейін   жалғастыратынын естеріңізге саламыз.

2 3 4 5 6 7 8 9 10