Балалар кітап оқиды

Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан, кітапханашылар мен ата - аналарда, балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі және құқығы қалады. Кітап оқуға үйрету үшін ең алдымен ата - аналарға кеңес беру керек. Балаға бір жасынан - ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет - журнал, кітап оқып отырған ата - ананы көрген бала да кітапқа қызығып өседі. 4 - 5 жастан бастап әңгіме, ертегілер оқуға болады.