Балалар әлемінің жыршысы
Балалар ақыны Ә.Дүйсенбиевтің туғанына 95 жыл толуына орай балалар кітапханасында «Балалар әлемінің жыршысы» атты тұлғатану кеші өткізілді. Мақсаты: балаларға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның балалар әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау, жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және өлеңге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Іс-шара барысында балаларға ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы мәліметтер беріліп, оның балаларға арналған өлеңдері таныстырылды. Ақын жырларының тәрбиелік мәні мен балалар әлемін бейнелеудегі ерекшеліктері сөз болды. Сонымен қатар, оқырмандар назарына ұсынылған «Балалар әлемінің жыршысы» атты кітап көрмесі таныстырылып, ақынның шығармаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасалды.


