Балалар жүрегінің ақыны
2026 жылдың 8 қаңтар күні балалар кітапханасының оқу залында ақын, балалар жазушы, драматург Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар жүрегінің ақыны» атты поэзия сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығын жас оқырмандарға таныстыру. Іс-шара барысында кітапханашы поэзия сағатын ашып, оқушыларды Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуымен таныстырып, ақынның балалар әдебиетіндегі орны мен маңыздылығын қысқаша баяндады. Оқушылар балаларға арналған өлеңдері мен тақпақтарын мәнерлеп оқыды.
Іс-шара соңында Әдібай Табылдының балалар әдебиетіне қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Ақынның шығармалары балалардың ой-өрісін кеңейтіп, жақсылыққа, ізгілікке жетелейтіні қорытындыланды.



