Балалық шаққа саяхат
2024 жылдың 14 қазан күні кітапхананың балалар бөлімінде қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалық шаққа саяхат» атты шығармасына талдау жасалды. Іс-шараға № 1жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттай отырып оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығынарттыру, әдебиетке баулу;
«Балалық шаққа саяхат» шығармасын автор өз өмірінен алып, шебер суреттеген. Ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан жазушы «Балалық шаққа саяхат» повесінде балалық шағының қиындыққа толы болғанын жеткізген, ұзақ уақыт ауырған анасы көз алдында өмірден өтеді.
Бұл шығармада сегіз жасар бала Бердібектің бір үзім нан үшін ауыр жұмыс істеп, жетімдіктің зардабын тартқан күндері бейнеленеді. Оқушылар балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Б.Соқпақбаетың шоқтығы биік туындысымен танысып, шығармадағы шынайы суреттелген оқиғаны баяндады. Іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды