Балдырған бағбаны
2018 жылдың 29 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің кітапханашысы Ш.Жунусова мектеп кітапханасында халық жазушысы, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың 95 жылдығына арналған «Балдырған бағбаны» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына 2 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: М.Әлімбаев туралы білімдерін кеңейту, балаларға арналған шығармаларды, олардың тарихымен таныстыру. Өмір жолы, еңбек жолы, шығармаларынан мәліметтер беру. М.Әлімбаевтың «балалар ақыны» екенін таныту.
Ақынның жыр кітаптары нәзік лиризм мен азаматтық әуенге толы болып келеді. Мұзафар Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. "Менің ойыншығым", «Отпен ойнама», «Шынықсаң - шымыр боларсың» кітаптары қазақ балалары әдебиетіне қосылған елеулі үлес болып саналады. Қарымды қаламгердің таңдаулы топтамалары қырықтан астам тілдлерге аударылып, төрт жүзге тарта өлеңіне ән шығарылған. Ақынның балаларға арнап жазған жұмбақ, жаңылтпаштарының, жыр-өлеңдері мен ертегі, мысалдарының орны ерекше.
Кітапханашылар 2 сынып оқушыларын балалар ақынының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Іс-шарада балалардың сүйікті өлеңдері, жұмбақтары, мақал-мәтелдері, өлеңдері оқылды. Балалардың назарына ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырған көрме галерея ұсынылды. Балдырғандар тақырыпқа сай сауалдарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.