Бақытты балалық шақ

2018 жылдың 1 маусым күні қалалық балалар кітапханасының кітапханашылары 1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балақай» балабақшасы бүлдіршіндерімен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында ертеңгілік өткізді.

Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлеңді нақышына келтіре айтуды үйрету, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Ертеңгілікке 35 бүлдіршін мен «Балақай» балабақшасының тәрбиешілері  мен кітапхананың тұрақты оқырмандары  қатысты.

Қатысқан  бүлдіршіндер  өздерінің  дайындаған  өнерлерін қөрсетіп, тақпақтарын  айтып,  ойын ойнады. Кітапханашы Г.Чернева кітапхананың кітап қорындағы жаңадан түскен кітаптармен бүлдіршіндерді таныстырды. Ертеңгілік өте қызықты өтті.

Іс-шараға байланысты « Бақытты балалық шақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Жарты төстік», «Алдар көсе және жартыбай бай», «Маша и медведь», «Түлкі мен қарға», «Мужик и медвежонок», «Құйыршық» атты ертегілер ілінді.

20170926_121424 20180601_105547 20180601_105559 20180601_105620 20180601_105644 20180601_110024 20180601_121016 20180604_112313 IMG-20180601-WA0013 IMG-20180601-WA0021