Қоршаған ортаны аялайық

          Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай балалар кітапханасында «Қоршаған ортаны аялайық» атты сторителлинг өткізілді. Мақсаты: Балаларды табиғаты аялауға үйрету, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін ояту, табиғатта жасауға болмайтын іс – әректерді бойларына сіңірту, тыйым салу белгілерімен таныстыру.

      Шара барысында балаларға кітапхана алаңында өсіп тұрған талдар, өсімдіктер, егінділер таныстырылып, әңгіме-талқылау жүргізілді.