Алғыс айтамын баршаңызға

Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. 1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айтамын баршаңызға» тақырыбында балалар бөлімінде тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Іс-шара қаламыздың №2 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Кітапханашы А.Ермагамбетова адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі туралы ақпарат беріп, оқушылар өздерінің тілек, алғыстарын білдіріп өтті. Іс-шара соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнеролик көрсетілді.

 

15 25 23 19 18 17 14 13