Білім кілті- кітапхана
2019 жылдың 23 қыркүйек күні қалалық кітапханаға №2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары экскурсия жасады. Экскурсияға 1а, 1б, 2б, 2в, 2г, 3б сыныптарынан 137 оқушы қатысты. Экскурсияның мақсаты: балалар кітапханасымен танысу.
Ең алдымен балалар жаңа кітаптармен танысты: энциклопедиялар («Футбол», «Балаларға спорт жөнінде», «Менің алғашқы энциклопедиям»), ертегілер және әңгімелер(«101 далматин», «Аюлар қаласы»), әртүрлі жастағы балаларға арналған кітаптар («Қазақстан елімен сиқырлы саяхат», «Сенің өмірің – сиқырлы әлем», «Шеберлердің сиқырлы қаласы», «Сиқырлы жұлдызша»), сөздік («Ағылшын тілінің алғашқы 1000 сөзі»), Қазақстан Қызыл кітабы және т.б кітаптар.
Кітаптармен танысып болған соң балалар «Білім орталығында» экология және төзімділік жайлы мультфильмдер көрді.