«Бір отбасы-бір кітап» отбасылық байқау

Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы таза, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру мақсатында  кітапхананың «Білім» орталығында  Отбасы күні мерекесіне орай  «Бір отбасы – бір кітап» атты  отбасылық байқау ұйымдастырылды.

      Білімді жетілдіру қашанда артықтық етпейтіні белгілі. Ол үшін отбасы болып кітап оқуға насихаттау мақсатын ұстанған байқауға 3 отбасы қатысты. Олар: Маратұлы, Афанасьевтер, Жұманбековтар отбасылары байқау ережелеріне сәйкес бақ сынасты. Байқау 6 кезең бойынша жүзеге асты.Олар: «Өзін-өзі таныстыру», «Мақал-мәтелдің жалғасын табу», «Сүйікті кітап-сенің өмірлік досың», «Білгенге – маржан...», «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы», «Ия» немесе «Жоқ» атты кезеңдерде белсенділік танытып, өздерінің шеберліктерін, өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Мың жүйректен шын жүйректерді анықтаған әділ қазылар мүшесі құрамын - кітапхана директоры Павлина Сиязбековна, Гаухар Кенесбайқызы -  Приозерск қаласы мәдени-демалыс орталығының жастармен жұмыс жөніндегі әдіскері, Индира Нуржумаевна - Приозерск қалалық кітапханасының кітапханашысы құрады.   

       Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес үздік деп танылған отбасылар:

I орын - Маратұлы отбасы, II орын – Афанасьевтер, III - орынды Жұманбековтар отбасы иеленді. Байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды

@Qalalygkitaphana

@akimat_priozersk

@madeniettilsport

 

41  42  43  44  45  46  47  48