Бірлігі жарасқан Қазақстан

2025 жылдың 29 сәуір күні балалар кітапханасында «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты тәрбие сағатты өтті. Іс-шараға № 2 мектептың 6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты:Балаларға 1–мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту.
Сонымен қатар балаларға Қазақстан Республикасы көп ұлттық мемлекет екені айтылып, ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты.