Бірлік барда - тірлік бар

         1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік барда - тірлік бар» атты достық сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен татулықтың маңызын түсіндіру, бірлік пен ынтымақты дәріптеу. Жас ұрпақты Отанды сүюге, көпұлтты қоғамда сыйластық пен құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында Қазақстан халқының бірлігі күні туралы мағлұмат беріліп, ел ішіндегі татулық пен келісімнің мәні түсіндірілді. Оқушылар әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрі туралы айтып, өлеңдер оқып, шағын көріністер көрсетті. Сонымен қатар, тақырыпқа сай сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Шара аясында тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылып, ондағы әдебиеттерге шолу жасалды. Көрмеде Қазақстандағы халықтар достығы, мәдениеті мен тарихына арналған кітаптар ұсынылды.Достық сағаты оқушылардың бірлік пен татулық туралы түсінігін кеңейтіп, олардың елге деген сүйіспеншілігін арттырды. Іс-шара соңында қатысушылар бейбітшілік пен келісімнің қадірін түсініп, бірлік бар жерде тірлік бар екеніне көз жеткізді.