Біз бақытты балдырған»
2019 жылдың 31 мамыр күні 1-маусым Балаларды қорғау күніне орай, «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның балалар бөлімі «Біз бақытты балдырған» атты ертеңгілік ұйымдастырылған болатын. Іс-шара қалалық «Балақай» бөбекжай-бақшасында өтті.
Мақсаты: жайдары жаздың алғашқы күні маусымның жан жадыратар шуағымен бірге жететін осынау мерейлі мерекеде балаларды шаттық пен қуанышқа бөлеу, олардың әр істеген еңбегін бағалап, мерекелік көңіл күй сыйлау.
Ертеңгілікке ерте жас тобы мен ересектер тобы қатысты. Мереке барысында балалар өздерінің жан-жақты екендерін көрсетті. Бірі тәрбиеші апайға арнап ән салса, енді бірі аналарына арнап тақпақ айтып жатты. Ал, ерте жас тобы «Бауырсақ» ертегісін сахналап, ал балалар бөлімінің кітапханашылары өздерімен бірге алып барған ертегі кітаптарының ішінен «Қызыл телпек» ертегісін оқып берді. Балалар оны мұқият тыңдап тіпті кейбірі ертегі кейіпкерлерінің дауысын салып қосылып отырды. Бұл атқарылып жатқан іс-шараның тәрбиелік мәні өте зор. «Баланы жастан...» деп тегін айтпаған бабаларымыз. Ерте жастан ауыз әдебиетін бойына сіңіріп өскен бала, өсе келе нағыз тәрбиелі азамат болып шығатыны сөзсіз. Ал, мұндай қасиеттерді олар балабақша мен мектептен және халық ауыз әдебиетінен алатыны айдан анық.