Біз шадыман баламыз

2023 жылдың 2 мамыр күні  «Парасат жолы» бұрышында көрнекті балалар ақыны, жазушы, аудармашы  Сұлтан  Қалиевтің  туғанына  80 жыл толуына орай «Біз шадыман баламыз» атты танымдық кеш өтті. Іс-шараға №2 мектептің 5 сынып оқушылары  қатысты.

Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің атасы – Сұлтан Қалиевтің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, бар өмірін білім мен тәрбиеге жұмсаған, халқының адал кемеңгері екендігін дәріптеу;

Кітапханашы оқушыларға жазушының өмірі мен шығармалары жайында кеңінен мағлұмат берді. Іс-шара соңында «Біз шадыман баламыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.