Біздің сүйікті кітаптар

     2019 жылдың 25 қыркүйек күні қалалық кітапханада №2 мектеп оқушыларына экскурсия жасалды. Экскурсияға 1д, 3в, 3г сыныптарынан 79  оқушы қатысты.

      Балалар кітапханадағы өздері сүйіп оқитын: Қиял-ғажайып ертегілер, Әжемнің ертегілері,  Ерте, ерте, ертеде..., Жануарлар туралы ертегілер, энциклопедиялар: «Адамзат тарихының шежіресі», «Қазақстанның өсімдіктер әлемі»,  К. Чуковский «Пұшайман Федора», Р.Киплинг «Рикки – Тикки - Тави», Р. Филиппова «Көжек Тим және оның достары», «Сиқырлы Қазанның ас үйдегі қиял-ғажайып оқиғалары», «Пираттар»  және т.б кітаптармен танысты.

      СД плеер мен магнитофончик ойыншықтары балалардың қызығушылығын тудырды. Балалар «Ғажайып ағашқа» өздері оқитын жанрларына сәйкес түрлі-түсті ленталар қыстырды.  Кітаптармен танысып болған соң балалар «Білім орталығында» экология және төзімділік жайлы мультфильмдер көріп, кітапханашының сұрақтарына жауап берді.

20190925_094911 20190925_094958 20190925_151138 20190925_154524 DSC_0012 DSC_0019 DSC_0026 DSC_0027 DSC_0029 DSC_0032 DSC_0051 DSC_0056 DSC_0058