Человек, любящий детей

2018 жылдың  7 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде Орыс халқының жазушысы, ағартушы, ойшыл Лев Николаевич Толстойдың туғанына 190 жыл толуына орай «Человек, любящий детей» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына №2 мектептің 4-сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: оқушыларды ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, балалар әдебиеті арқылы оқушылар бойында адамгершілік, қайырымдылық, төзімділік сезімдерін қалыптастыру.

Тәрбие сағаты барысында оқушыларға прозаиктің өмірі мен шығармашылығы жайында мазмұнды да қызықты мағлұматтар берілді. Арнайы әзірленген презентация оқушыларға ерекше әсер қалдырды. «Акула», «Котенок» бейнефильмдері көрсетіліп, «Қасқыр мен бие», «Арыстан мен ит» шығармалары дауыстап оқылды. Балалар оқыған әңгімелерді белсенді талқылап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Балалардың назарына жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды. Онда Лев Толстойдың иллюстрациялық  шығармаларына  және ол туралы белгілі дәйексөздерге ерекше назар аударылды.

IMG-20180907-WA0036 IMG-20180907-WA0037 IMG-20180907-WA0046 IMG-20180907-WA0049 IMG-20180907-WA0061 IMG-20180907-WA0062