Тазалық-денсаулық кепілі
2021 жылдың 6 сәуір күні кітапхананың балалар бөлімінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Тазалық-денсаулық кепілі» виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: денсаулық құндылықтары туралы түсінікті кеңейту, қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту, болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу. Денсаулыққа пайдалы кеңестер беріліп, салауатты өмір салтын ұстануға байланысты спорт, дұрыс тамақтану туралы кітаптарға шолу жасалды. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.