«Ата-анамен бірге оқы»

Кітапхана оқушылардың көп шоғырланып, рухани дем алатын мәдени ошағы. Мұнда да, ата-ананың тәрбиелік орны ерекше. Соған орай кітапханамыздың балалар бөлімінде «Ата-анамен бірге оқы» атты стенд ұйымдастырылған. Тұрақты, белсенді, өнерлі оқырмандарымыздың суреттері ата-аналарымен бірге ілінген. Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту, ата-атаның баласына кітап таңдаудағы көмегі, ақыл кеңесін есепке алу, тіл байлығын дамыту.

     Ата-аналарымен бірге келіп оқитын оқырмандарымыздың саны күн санап артуда... Атап айтар болсақ,  Несіп Тілесов, Келешова Фариза, Додекова Ольга, Қалменова Ғазиза, т.б сынды ата-аналарымыз бар.

Сіздерді де рухани бай-қуатты, сауатты, салауатты болуға шақырамыз.