«Ата-анамен бірге оқы»
Өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін ең алдымен ең жақын адамдары – ата-аналарының қолдауы қажет. Егер оқу отбасының ересек мүшелерінің өмірлік ұстанымына кіретін болса, онда бала ата-анасынан үйренгенін бойына сіңіреді. Бала кітапханаға ата-аналарымен бірге келгенде, кітапты бірге таңдап, бірге оқып, талқылауы өте маңызды. Мұндай қарым-қатынас жәй сөздерге қарағанда көбірек тәрбиелейді.
Соған орай кітапханамыздың балалар бөлімінде «Ата-анамен бірге оқы!», «Читай вместе с родителями!» атты стенд ұйымдастырылған.
Мақсаты: Балаларды көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігн ояту, балалар мен ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітап апталығы аясында ата-аналарды қатыстыра отыра шығармашылықпен жұмыс жасау; үнемі кітап оқуға баулу;
Ата-аналарымен бірге келіп оқитын оқырмандарымыздың саны күн санап артуда. Оқырмандардың басым көпшілігі бастауыш сынып пен балабақшаға баратын балалар. Сондықтан ата-аналармен жиі жұмыстар жүргізіледі. Кітапханада «Отбасылық оқу»тәсіліде жүзеге асырылуда.
Кітапхана ата-аналарды балалармен бірге кітаптарды оқуға шақырады. Өйткені бірге кітап оқу ересектер мен балаларды жақындастырады, рухани қарым-қатынастарын дамытып, мейірімділікке тәрбиелейді.