«БІРГЕ ОҚЫСАҚ – КӨП БІЛЕМІЗ»

Балаға ұнамайтын кітапты мәжбүрлеп оқытпаңыз. Балаңызды не қызықтыратынын анықтаңыз: көбелектер, кемелер, жануарлар мен құстар, көліктер. Жергілікті кіапханаға барып, кітапханашымен балаға не ұсынуға болатынын кеңесіңіз. Бала өздігінен оқып бастай алмайды, сондықтан алғашында оған өзіңіз дауыстап оқыңыз. Кітап оқудың қызық әрі танымды екеніне көзін жеткізіңіз.

Бала ата-анасының оқып жатқанын көруі керек. Бала кітапқа назар бөліп, оны оқуға қызығушылық танытқан кезде оған қолдау көрсетіңіз, мақтаңыз.