Болашақ тәрбиеден басталады
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі..."(Әл – Фараби) - дегендей балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.
Мақсаты:Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын-алу, бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету және балалардың жанұяның мақтаны болуға, ел азаматы болып өсуге тәрбиелеу.