Ата-анамен бірге оқы!
«БІРГЕ ОҚЫСАҚ – КӨП БІЛЕМІЗ»
Балаға ұнамайтын кітапты мәжбүрлеп оқытпаңыз
Болашақ тәрбиеден басталады
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі..."(Әл – Фараби) - дегендей балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
«Ата-анамен бірге оқы»
Өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін ең алдымен ең жақын адамдары – ата-аналарының қолдауы қажет. Егер оқу отбасының ересек мүшелерінің өмірлік ұстанымына кіретін болса, онда бала ата-анасынан үйренгенін бойына сіңіреді. Бала кітапханаға ата-аналарымен бірге келгенде, кітапты бірге таңдап, бірге оқып, талқылауы өте маңызды. Мұндай қарым-қатынас жәй сөздерге қарағанда көбірек тәрбиелейді.
«Ата-анамен бірге оқы»
Кітапхана оқушылардың көп шоғырланып, рухани дем алатын мәдени ошағы. Мұнда да, ата-ананың тәрбиелік орны ерекше. Соған орай кітапханамыздың балалар бөлімінде «Ата-анамен бірге оқы» атты стенд ұйымдастырылған. Тұрақты, белсенді, өнерлі оқырмандарымыздың суреттері ата-аналарымен бірге ілінген. Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту, ата-атаның баласына кітап таңдаудағы көмегі, ақыл кеңесін есепке алу, тіл байлығын дамыту.
Ата-аналарымен бірге келіп оқитын оқырмандарымыздың саны күн санап артуда... Атап айтар болсақ, Несіп Тілесов, Келешова Фариза, Додекова Ольга, Қалменова Ғазиза, т.б сынды ата-аналарымыз бар.
Сіздерді де рухани бай-қуатты, сауатты, салауатты болуға шақырамыз.