Ең көп оқитын отбасы

23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі балалар бөлімінде «Үздік оқырман - 2025» атты «Ең көп оқитын отбасы» мүшелерін марапаттау кеші өткізілді.
Мұндағы мақсатымыз кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітапты ұқыпты, таза күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Кітапхана балалардың көп шоғырланып, рухани дем алатын мәдени ошағы. Мұнда да ата-ананың тәрбиелік орны ерекше. Кітапханамыздың балалар бөлімінде «Ата – анамен бірге оқы» атты стенд ұйымдастырылған. Тұрақты, белсенді, өнерлі, кітапқа жаны жақын отбасы суреттері ілінген. Кітапханада ата-аналар балаларымен әр түрлі іс-шараларға, байқауларға қатысып өз өнерлерін, шеберліктерін жоғарғы деңгейде көрсетіп келеді.
Осыған орай 2025 жылдың 22 сәуірде балалар бөлімінде кітапханамызға үнемі балаларымен келіп, кітап алып оқитын «Ең көп оқитын отбасы» мүшелерін яғни ата-аналармен балаларды марапаттап оларға алғысымызды білдірдік.
Сонымен қатар ата-аналар өз жылы лебіздерін білдіріп, осы іс-шараға арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып шықты.