Отан үшін от кешкендерге тағзым
Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына орай балалар кітапханасында «Отан үшін от кешкендерге тағзым» атты патриоттық ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың ерлігі мен жанқиярлық еңбегін насихаттау, тарихи жадымызды сақтау және ардагерлерге құрмет көрсету;
Кітапханашы оқушыларға соғыс жылдарындағы тарихи оқиғалар, майдангерлердің ерлігі туралы мәліметтер беріп, олардың Отан алдындағы өлшеусіз еңбегіне тоқталды және «Отан үшін от кешкендерге тағзым» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысының тарихы, қазақстандық батырлардың ерлігі, майдан өмірі мен тылдағы еңбек туралы кітаптар қойылды. Оқушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.