Әдеби ассорти
Балалар кітапханасында 5 сәуір күні Балалар кітап апталығының жабылуына орай «Әдеби ассорти» атты квестбук өткізілді. Әдеби квест оқушыларды зейінділік, логикалық ойлау икемділіктерін дамытуға да мүмкіндік береді;
Іс-шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп қатысты. Оқушылар әр деңгейде берілген тапсырмаларды жылдам орындап, уақыттарын қызықты өткізді. Балалар жазушылар және олардың шығармалары туралы түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, жұмбақтар және логикалық есептерді шешіп өзара сайысқа түсті. Екі топта өз білімдерін көрсетіп, ал үздіктер жеңімпаз атанды.