Бала деген-бір бақыт
1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты: балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу, болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру;
Осыған орай, кітапхананың балалар бөлімінде №1 мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Бала деген –бір бақыт» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Ж.Кулмишева оқушыларға балаларды қорғау күні туралы ақпарат беріп өтті. Түрлі ойындар ойнатылып, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сұрақ-жауап қойылып, кітап көрмесімен танысты.