Денсаулығы ғаламның-денсаулығы адамның
2018 жылдың 6 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің оқу залында 7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулығы ғаламның-денсаулығы адамның» атты денсаулық сағаты өтті. Денсаулық сағатына №1 мектептің 5 сынып оқушылары және қалалық емхананың балалар дәрігері Бисенова Анипа Нұрлыбайқызы қатысты.
Мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету.
Денсаулық сағаты оқушыларға денсаулық туралы түсіндірме слайдын көрсетуден басталды. Слайдта салауатты өмір салтын сақтау қағидалары қамтылған. Қалалық емхана дәрігері өз кезегінде сөз алып, оқушыларды мазмұнды мағлұматтарға қанықтырды. Күнделікті күн тәртібін сақтау ережелерінен бастап, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, әдемілік, сымбаттылық сабақтары жайында әңгіме өрбітті. Дәрігер кеңесінен кейін Тәттібектей тәтті соғар бала газдалған сусын, сағыз, чипси әкеліп балаларға ұсынады. Оқушылар олардың зиянын айтып, пайдалы тағамдар жайында айтты. Сондай-ақ, балалар денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар, ребустар шешіп, тілек шоғы арқылы бір-біріне жақсы ниет, тілектерін айтты. Әбілмансұр Аружан мен Несіпбек Нұрсұлтан «Дәрігер мен бала» атты көрініс қойса, оқушылармен бірге сергіту сәті ретінде «Дәрумендер» ойыны ойнатылды. Іс-шара соңы «Денсаулық-зор байлық» атты көрмемен танысып, естелік суретке түсумен аяқталды.