Ел қорғаны – ерлер
Отан қорғаушылар күніне орай балалар кітапханасында «Ел қорғаны – ерлер» тақырыбында Memory Watch ұйымдастырылды. Мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шараға «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысып, ел қорғаған ерлердің ерлігі мен батырлығы туралы тағылымды мәліметтер алды. Шара барысында тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, кітапхана қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, батырлық пен отансүйгіштікке тәрбиелейтін әдебиеттерге шолу жасалды.




